Кәсіпкерлердің мәселесін мәжілісмен Азат Перуашев та көтерді. Депутат шағын бизнеске салынатын кассалық салықты алып тастауды ұсынып отыр. Халық қалаулысы мыңдаған кәсіпкердің басын қатырып, халықтың банк картасымен аударатын тиын-тебенді бақылаудың орнына, салықшылар миллиардтап ақша ұрлайтындармен айналысқаны дұрыс дейді.