Өлген адам сөйлемейді деген бар, ал төлемейді деген бар ма? Банк алдындағы борыш азамат қайтыс болғанда қайда кететінін заңгерлер білмесе, көпшілік іздене бермейді. Қым-қуыт тірлікпен кредит аларда кім ажалды ойлапты? Бірақ мұрагерлікпен бала-шағасына мал-мүлікке қосып қарызын да қалдырып кетіпті деген жақсы нәрсе емес. Өмірден өткен әке-шешенің несиесін бала-шаға төлеуге міндетті ме?