Таяқ жеген баламның тәні ғана емес, жаны да жаралы. Ақтөбе облысында ұлы зәбір көрген ана әділдік іздеп шырылдап жүр. Айтуынша, өзі құралпы бір топ жас 17-дегі ұлын оңдырмай сабаған. Сөйте тұра, ішіндегі кейбірі жазасын алмастан тайраңдап жүр дейді. Енді солар «Терпиласың» деп түртпектеп, күн көрсетпейтін тәрізді.