Іші ауырып ауруханаға түскен жүкті келіншек баласынан айрылып қалды. Түсік тастау қатерімен қиналып жатқанымда, жәрдем берер бір адам табылмады деп зар еңіреп отыр. Куәгерлердің айтуынша, ішінде 7 апталық баласы бар әйел төсекте қансырап жата берген. Дәрігер 2 сағаттан соң бір-ақ келіпті.