Мазмұнға өту
· 21 қаралым

БАЛАБАҚША ТАМАҒЫ НЕГЕ АҚЫЛЫ?

Қыркүйектен бастап көпбалалы отбасылар үшін балабақша қайта ақылы болады. Ал, ұл-қыздары тегін тамақтансын десе, мұндай жанұялар тұрмыстарының төмен екенін дәлелдеуі тиіс. Өйткені, ас-ауқат енді тек мұқтаж отбасылардың мүшелеріне ғана беріледі. Ал оны алу үшін көпбалалы жанұялардың табысы күнкөріс деңгейінен төмен болуы тиіс. Тамызда түрленген шенділердің бұл өзгерісі аналардың ашуын келтірді. Себебі тамаққа берілетін жиырма мың теңгенің өзі қалтасына ауыр тиген.

← Барлық жаңалықтар