Мазмұнға өту
· 16 қаралым

ЭКОНОМИКАҒА ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ АРТЫП КЕЛЕДІ

Ел экономикасына салынатын тікелей инвестиция көлемі азаймауы керек. Бизнес жүргізуге қажетті жағдайды жақсарту үшін белсенді шаралар қабылдануға тиіс. Бұл Мемлекет басшысының былтырғы жолдауында Үкіметке берген тапсырмаларының бірі. Премьер-министрдің баспасөз қызметі атқарылып жатқан шаруалар туралы мәліметтерді жария етті. Биылғы 7 айдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға 9,9 трлн теңге инвестиция салынған. Бұл өткен жылдағы көрсеткішпен салыстырғанда 16 пайызға артық. Қаржы көбіне білім беру, сақтандыру қызметі, өңдеу өнеркәсібі салаларында қарқынды өсіп келеді. Президент тапсырмасы бойынша өңірлерді дамытуға көңіл бөлініп, 2030-шы жылға дейінгі тұжырымдама бекітілді. Ауылдардағы инженерлік, әлеуметтік жағдайды түзетуге бағытталған бағдарлама аясында өткен 5 жылда республикалық бюджеттен 701 млрд теңге бөлінген.

← Барлық жаңалықтар