Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады. Ақордада өткен салтанатты рәсімге сегіз елдің дипломаты арнайы келді. Олардың қатарында Украина,Үндістан, Алжир, Швеция, Бельгия, Латвия, Грузия, Ұлыбритания елшілері мен Біріккен Ұлттар ұйымының өкілі бар. Қазақстандағы қызметіне ыждаһатпен кіріскен тұлғалар, екі жақты байланыстарды одан әрі дамытуға бар күш-жігерлерін жұмсайтындарын жеткізді. Ал Қасым-Жомарт Тоқаев оларды миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі.