Каспий теңізі қазіргідей тартыла берсе, қауіпті құбылыс әлеуметтік-экономикалық, тіпті саяси салдарға соқтыруы мүмкін. Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстандағы форумда экология мәселесіне ерекше тоқталды. Соның ішінде тіршілік көзінің тапшылығы үлкен проблемаға айналғанын айтып, Халықаралық су ұйымын құруды ұсынды.