Мазмұнға өту
· 5 қаралым

ЖАҺАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Мәскеу маңындағы мектептердің бірінде жеткіншек қолына пышақ алып, білім ордасына шабуыл жасады. Көзі қанталаған қаскөй 4-сынып оқушысын жайратып салды, тағы 4 адамды ауыр жарақаттады.

Үндістанның Уттар-Прадеш штатында көз байлаған тұманның салдарынан жеті бірдей автобус бір-бірімен соқтығысып қалды. Апаттан қоғамдық көліктер бірден отқа оранып, 15 жолаушы тірідей жанып кетті. Тағы 50-ге жуық адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.

Ыстамбұлдың көркін келтіріп тұрған Мәрмәр теңізі тартылып бара жатыр. Ал, теңіз жағалаудан 20 метрге дейін кейін шегініп кетіпті. Бұл ерекше құбылысты Текирдаг аймағының тұрғындары байқап, видеоға түсіріп алған.

Дональд Трамп АҚШ аумағына бірнеше елдің азаматтарына кіруге тыйым салатын құжатқа қол қойды. Қара тізімге Африкада құрлығында жайғасқан Буркина-Фасо, Мали, Нигер, Оңтүстік Судан және Сьерра-Леонеғ, ал Азия аймағынан Сирия және Лоас мемлекеттері бар.

← Барлық жаңалықтар