Әдемі нөмір ғана емес, әдемі датаға да ұмтылады жастар. Некесін осындай ерекше күні қию үшін АХАЖ бөліміне алдын-ала жазылады. Биыл да той көп дейді білетіндер. Өйткені әлгіндей әдемі цифрлар 2026-ның күнтізбесінде жиірек кездеседі екен. Бірақ бақытты өмірдің кілті цифрдың сиқыры ма? Бақыт датамен келе ме, батамен келе ме?