Мазмұнға өту
· 73 қаралым

АҚОРДАҒА КІМ БАРДЫ?

«Қазақстан халқына» қоры бүгінде бірқатар жұмыстың басын қайырып үлгерген. Қызметіне былтыр тағайындалған Ләззат Шыңғысбаева Президентке бір жылда тындырған еңбегі жөнінде есеп берді. Сөзінше, қордың қамқоршылық кеңесі әлеуметтік маңызы бар міндеттерді шешуге бағытталған 134 қайырымдылық бағдарлама мен жобаны бекіткен. Соның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет салаларына қатысты ауқымды шаралар қамтылған.

Атап айтқанда, медициналық ұйымдар заманауи құрылғылармен жабдықталып, ауылдық және шағын жинақты мектептерді дамыту бойынша кешенді жұмыстар іске асырылып жатыр. Мемлекет басшысы қайырымдылық жұмыстарын ашық, жүйелі әрі мақсатты түрде жүргізудің маңызына тоқталып, бұл бастамалардың халықтың тұрмыс сапасын арттыруға және әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға үлес қосып отырғанын жоғары бағалады.

Нұрай Құрақбай
← Барлық жаңалықтар