Мазмұнға өту
· 35 қаралым

Мешіттен 175 мың теңге тұратын аяқ киім ұрланды

Елордадағы мешіттердің бірінде тағы да ұрлық болды. Діни орынға «олжа» іздеп келген азаматтың бұл қылығы көпшіліктің ашуын туғызды. 34 жастағы күдіктінің кіреберісте тұрған 175 мың теңгелік брендтік бәтеңкеге көзі түсіп, оны еш қымсынбастан киіп кеткен. Бейнебақылау камераларына таспаланған жазбадан ер адамның бөтеннің затын иемденіп, ғимараттан шығып бара жатқаны анық көрінеді. Полиция дерегінше, жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің ізі суымай қолға түскен. Тәркіленген мүлік заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Үсен Астана

← Барлық жаңалықтар