Алматыда кене шаққандар көбейіп барады. 300-ден аса тұрғын медициналық көмекке жүгінген. Тең жартысы – бала. Зиянкестер тау бөктерін айтпағанда, қаладағы саябақтар мен тұрғын үйлердің аулаларында да бар екен. Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті де бұл ақпаратты жоққа шығармады.
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ЖАУАБЫ:
«Эпидемиялық маусым кезінде кене арқылы жұғатын инфекциялар және кене шағуына байланысты медициналық ұйымдарға жүгінген тұрғындар бойынша апта сайын мониторинг жүргізіледі. 2026 жылғы 9 сәуірдегі жағдай бойынша медициналық ұйымдарға кене шағуына байланысты 334 адам жүгінген, оның ішінде 50%-ы 14 жасқа дейінгі балалар. Жүгінгендердің барлығына уақтылы шұғыл медициналық көмек көрсетіліп, көрсетілімдер бойынша кенеге қарсы иммуноглобулин енгізілді. Қазіргі таңда кене арқылы жұғатын инфекциялар тіркелген жоқ».
Ұлан Тәліпбай