Мазмұнға өту
· 45 қаралым

Жуан жұдырықты әкім жазаланды

Шымкентте қарамағындағы қызметкерін төмпештеген басшы жазаланды. Қаратау ауданы әкімі Алмас Абаевтың әрекетін қараған Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің Әдеп жөніндегі кеңесі жуан жұдырықты шенеунікті қызметіне толық сәйкес емес деген ұстанымға келіпті. Айта кетейік, осыған дейін Қаратау ауданы әкімінің футбол ойнап жүрген әріптесіне қол көтеріп, тепкілеп жатқан видеосы тараған еді. Ал соққының астында қалған тұлға қарсылық білдірмей, тіпті арыз да жазбаған. Десе де, бейнежазба әлеуметтік желіде тарап кеткеннен соң, атқамінердің ісі жіті қаралып, шешім шығарылды.

ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ:

«Әдеп жөніндегі комиссия Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімі Алмас Абаевқа қатысты оқиғаны қарады. Отырыс барысында қызметтік тексеріс жүргізіліп, Абаевтың түсініктемесі тыңдалды. Шымкент қаласы әкіміне Абаевқа қатысты қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды. Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Алмас Абаев тәртіптік жауапкершілікке тартылды».

Ғалымжан Кенжебек

 

← Барлық жаңалықтар