Түркия вице-президенті Джевдет Йылмаз Ақордаға барды. Елімізге алғаш рет сапармен келген мәртебелі мейманды Мемлекет басшысы зор ілтипатпен қарсы алды. Екі елдің қарым-қатынасы өзара сенім мен құрметке негізделген. 35 жыл бұрын орнаған дипломатиялық байланыстың бүгінде іргесі берік. Президент мемлекеттер арасындағы ауызбіршілікті жоғары бағалап, достық пен стратегиялық ықпалдастықтың арта түсетініне сенім білдірді.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
«Қарым-қатынасымыз жоғары қарқынмен дамып келеді. Арамызда ешқандай түйткіл жоқ. 14 мамырда Президент Режеп Тайип Ердоған елімізге мемлекеттік сапармен келеді. Сапар аясында Стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің кезекті отырысын өткіземіз. Жаңа келісімдерге қол қоямыз. Ертең мен Антальяға дипломатиялық форумға бармақшымын. Қазіргі құбылмалы жағдайда бұл форумның мән-мағынасы өте жоғары».
Бердібек Қарынбай