Мазмұнға өту
· 4 қаралым

Елімізде британдық университеттер ашылмақ

Елімізде британдық жоғары оқу орындары ашылмақ. Бүгін Сенат Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы стратегиялық әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы заңды мақұлдады. Құжат сауданы дамытуға және энергетика, цифрландыру мен ауыл шаруашылығы сияқты басым бағыттарда бірлескен жобаларды жүзеге асыруға жол ашады. Айта кетейік, Ұлыбритания елімізге 23 миллиард доллардан астам инвестиция салған ірі серіктестің бірі. Ендігі кезекте британдық компаниялармен ғана емес, жетекші университеттермен де тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік туып отыр.

Геннадий Шиповских, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

«Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық саласында келісім бірлескен білім беру бағдарламаларын, британдық жоғары оқу орындарының филиалдарын ашуға, студенттер мен оқытушылар алмасуын кеңейтуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, құжат бірлескен көрмелер мен фестивальдерді өткізуге, мұражайлар мен мұрағаттар арасында тәжірибе алмасуға жол ашады. Экология, «жасыл» экономика және климаттың өзгеруіне бейімделу саласындағы ынтымақтастық та ерекше мәнге ие».

Рамазан Палмағанбет

← Барлық жаңалықтар