Мазмұнға өту
· 6 қаралым

Баланың тілін түсінген ғалым

Биыл көрнекті ғалым, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесінің негізін салушы, Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы Бәшен Баймұратованың туғанына 100 жыл. Мерейтойға орай ұлағатты ұстаздың өзі білім алып, еңбек еткен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде аудитория ашылды. Ол балабақша тәрбиешілері мен ата-аналарға арналған оқу-әдістемелік құралдардың, баланың тілін дамыту туралы көптеген еңбектің авторы. Ғылыми жұмыстары әлі күнге дейін құндылығын жоймаған.

ҒАЛИЯ ТАУБАЕВА, ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ, ДОЦЕНТ:

«Алматы қаласында 1964 жылы қазақ тілді балабақшаларды ашып, қазіргі таңда қазақ балабақшаларының дамуына үлкен себепкер болған реформатор деп айтсам болады. Біріншіден, мектеп жасына дейінгі балалардың әдістемесін құрып, зерттеген ғалым».

Ұлан Тәліпбай

← Барлық жаңалықтар