Мазмұнға өту
· 3 қаралым

Америка асатын азаматтарға ескерту

Қытай билігі Америкаға асатын азаматтарына ескерту жасады. Елдің Сыртқы істер министрлігі АҚШ-қа сапар кезінде шекарадан өту қауіпсіздігіне назар аударуға шақырды. Сонымен қатар дипломаттар отандастарына Сиэтл–Такома халықаралық әуежайына мүмкіндігінше жоламауға кеңес береді. Себебі жуырда Бейжіңнің 20-дан астам ғалымы Америкадағы академиялық конференцияға шақырылған. Олар АҚШ аумағына кірер сәтте дәл осы терминалда кеден қызметкерлерінің тексеруіне тап болған. Қауіпсіздік мамандары бірқатар себептермен Қытай азаматтарын штатқа кіргізбей қойған. Бейжің билігі ғалымдарының қолында жарамды әрі заңды визалар болғанын ресми мәлімдеді. Айта кету керек, Қытай студенттері мен ғалымдары Америка әуежайларында осындай келеңсіз жағдайларға жиі тап болады.

Қайыркен Отыншы

← Барлық жаңалықтар