Мазмұнға өту
· 2 қаралым

400 жүргізуші жауапқа тартылды

Алматы облысында жол ережесін бұзған 400-ден астам жүргізуші жауапқа тартылды. Өңірдегі тәртіп сақшылары жыл басынан бері заң бұзушылық фактілерін анықтау үшін дрондардың көмегіне жүгінген. Ұшқышсыз ұшу аппараттары тасжолдардың ең қауіпті учаскелерін әуеден бақылап, ереже бұзушыларды мүлт жібермеген. Жүргізушілер арасында ереже бұзу дерегі тыйылмай тұр. Полицейлердің мәліметінше, көбіне жылдамдық режимін сақтамау, қарсы бетке шығу және қауіпті маневрлер жасау фактілері жиі тіркелген. Мамандардың айтуынша, мұндай қатаң бақылау жол апаттарының санын азайтуға және жүргізушілерді тәртіпке баулуға септігін тигізеді.

Үсен Астана

← Барлық жаңалықтар