Мазмұнға өту
· 3 қаралым

3 баласынан айырылған келіншек есін жиды

Астанадағы сұмдық өрттен 3 бірдей баласынан айырылған келіншек ауруханада есін жиды. Әйел жетінші тәулік аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Ақ халаттылар оның жағдайын әлі де ауыр деп бағалады. Науқастың денесінің біраз бөлігін күйік шалған. Сондай-ақ тыныс алу жолдарына зақым келген және ыстан уланған. Бірақ мамандар қазір келіншектің өміріне төніп тұрған қауіп жоқ дейді. Қажетті барлық ем-дом шаралары жүргізіліп жатыр. Өкпесі жасанды желдеткіш аппаратына қосылған.
Қайыркен Отыншы
← Барлық жаңалықтар