Мазмұнға өту
· 7 қаралым

Жұртты белшеден қарызға батырған

Ақтөбеліктерді белшеден қарызға батырған ломбардтың былығы әшкере болды. Ешқандай лицензиясыз осы кәсіппен заңсыз айналысқан ұйымның ісіне қатысты тергеу аяқталып, іс сотқа жолданды. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, күдікті ел-жұртқа қарыз бергенде түрлі тұрмыстық техникаларын кепілге қойдырып отырған. Ал қарыздың пайыздық мөлшерлемесі тәулігіне 3,7 пайызға дейін жеткен. Бұл заң аясында белгіленген шектен 12 есе жоғары. Араны ашылған азамат құзырлы органдардың тексеруінен жалтару үшін кәсібін бес жыл бойы комиссиялық дүкен деп бүркемелеп келген. Сөйтіп, 93 млн теңге табыс тапқан.

ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Мәселен, клиент 257 000 теңге көлемінде 10 күнге қарыз рәсімдеп, комиссия шарты бойынша 51 400 теңге (тәулігіне 2%) сыйақы төлеуге мәжбүр болған. Ал заң бойынша бұл сома 7 710 теңгеден аспауы тиіс еді. Сот санкциясымен күдіктінің 3 автокөлігі мен пәтеріне тыйым салынды. Оған қатысты елден шықпау және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Ақбаян Сұлтанмұратова

← Барлық жаңалықтар