Мазмұнға өту
· 5 қаралым

Екінші АЭС те Балқашта салынады

Еліміздегі екінші атом электр станциясы да Балқаш маңында салынады. Қазір оны орналастыратын үш алаң пысықталып жатыр. Ал оған «Мойынқұм» деген атау берілмек. Бұл жайлы атом энергетикасы жөніндегі агенттіктің төрағасы айтты. Алмасадам Сәтқалиевтің сөзінше, жаңа АЭС әрқайсының қуаты 1200 мегаватты құрайтын екі энергоблоктан тұрмақ. Ал оны Қытайдың China National Nuclear Corporation компаниясы тұрғызуы мүмкін. Жалпы, Балқаш маңында бірден 6 ірі энергоблок салуға мүмкіндік бар. «Келесі кезекте Курчатов тұр. Бұл шағын және орта қуатты реакторларды дамытуға дайын тұрған әлеуетті аймақ. Батыс Қазақстан да лайықты орындардың қатарында. Ал келешекте, 20–30 жылдан соң Қостанай облысында жаңа АЭС салынуы ықтимал», – дейді Алмасадам Сәтқалиев.

АЛМАСАДАМ СӘТҚАЛИЕВ, ҚР АТОМ ЭНЕРГЕТИКАСЫ ЖӨНІНДЕГІ АГЕНТТІК ТӨРАҒАСЫ:

Қазақстанның электр энергетикалық желілерінің дамуын ескере отырып, кемінде 3, ал келешекте 4 атом электр станциясын салу қажет деп есептейміз. Қазіргі уақытта келешегі бар алаңдардың барлығын барынша байыппен зерделеп шықтық. Болжамды энергетикалық теңгерім, экологиялық, сейсмикалық қауіпсіздік талаптары тұрғысынан Қазақстанда атом энергетикасы үшін бірнеше бірегей алаң бар.

Қуат Құдайберген

← Барлық жаңалықтар