Мазмұнға өту
· 5 қаралым

Шетелдіктердің Қазақстанда тұрақты тұруына талап күшейеді

Көші-қон саласында талап күшейеді. Енді шетел азаматтары елде тұрақты тұруға бұрынғыдай оңай рұқсат ала алмайды. Алдымен онлайн тест тапсырып, анкета толтырады, содан кейін міндетті түрде сұхбаттан өтеді. Жаңа өзгерістердің жай-жапсарын Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева түсіндіріп берді. Оның айтуынша, инвесторлар мен кәсіби мамандар үшін ештеңе өзгермейді. Олар бұрынғыдай жеңілдетілген тәртіппен құжат рәсімдей алады. Ал басқалары үшін қаржылық талап қатаңдап, өтініш беруші кемінде 5,7 миллион теңге қоры бар екенін дәлелдеуі тиіс.

АИДА БАЛАЕВА, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ – МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРІ:

Инвестициялық жобалардың басшылары мен олардың отбасы мүшелеріне А5 және А6 санатындағы арнайы визалар беріледі. Бұл инвесторлардың ел экономикасына еркін келіп, бизнес жүргізуіне және жаңа жұмыс орындарын ашуына мүмкіндік беретін маңызды қадам деп санаймыз. Сонымен қатар сұранысқа ие мамандық иелеріне де арнайы виза қарастырылған.

Қуат Құдайберген

← Барлық жаңалықтар