Мазмұнға өту
· 3 қаралым

3 млн теңгені қалай аламыз?

Ойыңызда көптен жүрген бизнес жоспарыңыз болса, оны жүзеге асыратын ең қолайлы уақыт осы. Елімізде «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінім қабылдау басталды. Бастамашыл жастарды қолдауға арналған байқауда қаржылай көмек әдеттегідей қайтарымсыз негізде беріледі. Грант сомасы – 3 млн теңге.

Жеңімпаздар алты бағыт бойынша анықталады. Оның ішінде ғылым, мәдениет, ақпараттық технологиялар, бизнес, медиа және волонтерлік бар. Байқауға 14 пен 35 жас аралығындағы кез келген адам қатыса алады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба қазірдің өзінде нәтижесін беріп жатыр. Соңғы 5 жылда 160-қа жуық қазақстандық өз жоспарын іске асырып, кәсіп иесі атанған. Биыл тағы 30 адамға грант бөлу жоспарланып отыр.

ҚАЙРАТ ҚАМБАРОВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ ЖАСТАР ЖӘНЕ ОТБАСЫ ІСТЕРІ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Конкурс ережесіне сәйкес грант тағайындау процесі екі кезеңнен тұрады. Алдымен өтінімдер қабылданып, қаралады. Кейін жобалар бағаланып, арнайы комиссия жеңімпаздарды анықтайды. Құжат қабылдау 21 маусымға дейін жалғасады. Қатысушылар өтінім нысанын толтырып, қажетті құжаттарды қоса ұсынуы тиіс. Белгіленген мерзімнен кейін жіберілген өтінімдер қаралмайды.

Нұрай Құрақпай

← Барлық жаңалықтар