Мазмұнға өту
· 4 қаралым

ҰБТ-ға балама сынақ енгізіледі

Келесі жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеудің балама түрі пайда болады. Бұл жөнінде Ақорда дәлізінде Ғылым және жоғары білім министрі мәлімдеді. Саясат Нұрбектің сөзінше, биыл сынақ өзгеріссіз өтеді. Ал 2027 жылы пилоттық режимде Admission Insight Test деп аталатын емтихан түрі енгізіледі. Оны ETS технологиясын жасап жүрген озық компаниялардың бірі әзірлейді екен. Тіпті күні кеше ETS делегациясы қазақстандық өкілдермен кездесіп үлгерген.

САЯСАТ НҰРБЕК, ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ:

ҰБТ-ның өзі екі рет емес, бір рет тапсырылатын болады. Бірақ талапкерлер өз күштерін сынауы үшін сынақ тест мүмкіндігі болады, ол сақталады. Ол жағынан уайым болмасын.

Маржан Нүсіпбек

← Барлық жаңалықтар