Мазмұнға өту
· 2 қаралым

Оңтүстік Кореядағы заңды жұмыс

Айыппұлға алаңдамай, сақшылардан тығылмай, енді Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге болады. Биыл екі ел арасындағы арнайы келісімге қол қойылуы мүмкін. Соған сәйкес, екі қолына бір күрек таппай жүрген отандастарымыз кәріс еліне қорықпай барып, нәпақасын таба алады. Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев осылай деді.

Бірақ ол үшін арнайы емтихан тапсырып, Корея тарапы дайындаған тесттен өту керек. Үміткерлер нәтижесіне қарай таңдалып, жұмысқа жіберіледі.

Нұрай Құрақпай

← Барлық жаңалықтар