Мазмұнға өту
· 7 қаралым

Салықтан жалтарған коллекторлар анықталды

Борышкерлерден миллиардтаған қаржы өндіретін коллекторлар өкіметке қарыз болып шықты. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 7 агенттік шамамен 12 млрд теңгеге жуық пайда тапса да, 128 млн теңге қосылған құн салығын төлемеген. Жауапты тұлғалар заңсыз әрекетке барғандарға 2 млрд теңгеге жуық айыппұл салды.

Тексеру нәтижесінде бұқараның берешегін жинап, 61 млрд теңгеден астам табыс тапқан 15 компания анықталды. Олар да салықтан жалтару үшін нақты кіріс көлемін төмендетіп көрсеткен. Қазір мамандар барлық құжаттарды егжей-тегжейлі тексеріп жатыр.

Рамазан Палмағамбет

← Барлық жаңалықтар