Мазмұнға өту
· 10 қаралым

Ақордаға келіп жатқан қонақ көп

Астанаға келген тағы бір мәртебелі мейман бүгін Ақордада болды. Мемлекет басшысы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Феридун Синирлиоғлымен кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаев біздің ел қашанда арадағы ынтымақтастықты барлық бағытта күшейтуге дайын екенін жеткізді. Адам құқықтары, демократия және заң үстемдігі еліміздің басты бағыты екенін айтты. Сондай-ақ әңгіме барысында республикамыздың өңірлік экология мен климат мәселелерін көтерудегі белсенді рөлі, атқарылып жатқан жұмыстары сөз болды.

Қуат Құдайберген

← Барлық жаңалықтар