Ұлттық кітап күніне орай Алматыдағы Қонаев университетінде «Кітап алмасу» көрмесі ашылды. Іс-шараның басты мақсаты – кітап оқу мәдениетін дамыту, студенттер мен оқытушылар арасында зияткерлік ортаны қалыптастыру. Келушілерге түрлі жанрдағы шығармалар ұсынылып, бір-бірімен кітап алмасты. Бұл көрме университет үшін интеллектуалдық және мәдени байланыстарды нығайтатын ашық алаң іспетті. Оған «Заң мен тәртіп» аясында құқық қорғау органдары мен прокуратура қызметкерлері арнайы шақырылған.
АҚЕРКЕ АБЫЛАЙХАН, ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ КОМИТЕТ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Заң бағытында еңбектер жазған Кемел Тоқаев ағамыздың, Зиманов сияқты тұлғалардың еңбектерін біздің жас ұрпақ білуі керек. Сонымен қатар бүгінгі заң қандай? Себебі заман өзгерген сайын заң да өзгереді. Бұрын бізде қоғамда наркомания, лудомания немесе интернет алаяқтық деген проблемалар болған жоқ. Соның барлығын қазіргі жас ұрпақ білуі қажет.
Ұлан Тәліпбай