Мазмұнға өту
· 17 қаралым

Жеке дерек таратқандар ұсталды

Жеке деректер тістегеннің аузында, ұстағанның қолында жүр. Астана мен Алматыда қазақстандықтардың мәліметтерін микроқаржы ұйымдарына сатып келген топ ұсталды. Олар дербес ақпараттарды заңсыз жинап, таратып отырған. Оны сатып алғандардың ішінде микроқаржы және коллекторлық ұйымдардың өкілдері бар болып шықты. Күдіктілердің кеңселерін тінту кезінде ақпарат тасымалдайтын құрылғылар, компьютерлер мен қомақты қаражат тәркіленген. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Маржан Нүсіпбек

← Барлық жаңалықтар