Алматыда телефон алаяқтары ұсталды. Олар шетелден қазақстандықтарға төрт миллионнан астам қоңырау шалып, байланыс операторларына 15 млн теңге шығын келтірген. Күдіктілердің қылмыстық схемасы бойынша, өзге заңды тұлғалардың атына виртуалды телефондарды тіркеп, жергілікті мобильді нөмірлерді пайдаланған. Осылайша халықаралық заңсыз қоңырау тетігін ұйымдастырған. Тінту барысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті техникалық құралдарды тәркілегенін мәлімдеді.
Гүлнәзия Мейірханқызы