Мазмұнға өту
· 7 қаралым

Мың бас малды шекарадан өткізбек болды

Отар-отар ұсақ малды шекарадан заңсыз өткізбек болған. Түркістан облысында мың бас қойды көрші елге тасымалдауға оқталғандардың жолы кесілді. Заңды белден басқандар жануарларды бірнеше жүк көлігіне тиеген. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қолданыстағы шектеулерге қарамастан, жекелеген тұлғалар жалған құжаттарды және қалыптасқан арналарды пайдалана отырып, малды рұқсатсыз шығаруды ұйымдастырған. Олардың жымысқы әрекеті өткізу бекеттерінің бірінде әшкереленді.

ҚУАНДЫҚ АЛПЫС, ҚР ІІМ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӨКІЛІ:

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Жануарлар мен көлік құралдары тәркіленді. Мемлекет басшысының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бағаны тұрақтандыру жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында Ішкі істер министрлігі ауыл шаруашылығы жануарларын шетелге негізсіз шығаруға жол бермеу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.

Бердібек Қарынбай

← Барлық жаңалықтар