Мазмұнға өту
· 5 қаралым

Елге шетелдік студенттер көптеп ағылуда

Қазақстандық жастар шекара асып, білімді өзге елден алуға асық. Ал шетелдік студенттер керісінше, біздің елге ағылып жатыр. Қазірдің өзінде 30 мыңға жуық өзге ел азаматы Қазақстанда оқуды жөн көрген. Ғылым және жоғары білім министрінің сөзінше, еліміздегі халықаралық жоғары оқу орындарының филиалдары ең алдымен шетелдік талапкерлерді тартуға бағытталған. Бұл өз кезегінде білім экспортын күшейтіп, елге қосымша табыс әкелуге мүмкіндік береді. Былтырдың өзінде шетелдік студенттер арқылы бюджетке 22 млрд теңге түскен. Қабылдау талаптарын әр оқу орны дербес айқындайды. Дегенмен гранттар тек қазақстандық түлектерге беріледі. Ал шетелдік азаматтар негізінен ақылы негізде оқиды.

САЯСАТ НҰРБЕК, ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ:

Мәселен, Cardiff University филиалында оқу құны 13 500 доллар шамасында. Бұл негізгі кампуспен салыстырғанда екі есе арзан. Әрине, мұндай айырмашылық шетелдік жастар үшін Қазақстанды қолжетімді білім орталығына айналдырып отыр. Қазір шетелдік аудиторияны кеңейту үшін министрлік тарапынан халықаралық деңгейде белсенді жұмыс жүргізілуде. Қазақстан Қытай мен Әзербайжандағы білім көрмелеріне қатысып, Индонезия, Моңғолия және Вьетнам бағытында да жұмысты күшейтпек.

Нұрай Құрақбай

← Барлық жаңалықтар