Мазмұнға өту
· 6 қаралым

Қазақ қыздары ерледі

Ұлттық мәдени мұрамыз Ұлыбритания төрінде теңдессіз деп танылды. Астаналық оқушылар халықаралық робототехника чемпионатында топ жарды. Олар 68 команданың арасынан озып шығып, қазылардың таңданысын тудырған. Елордалық жастар идеядан бастап зерттеу, техникалық әзірлеу және профильді институттармен байланысқа дейінгі толық процесті көрсеткен. Жоба технологиялық деңгейімен ғана емес, ұлттық мәдени мұраны сақтауға қосқан үлесімен де жоғары бағаланды. Осылайша бұрымдылар бірден екі басты марапатты жеңіп алды. Робот-ойын бойынша үздік деп танылып, сондай-ақ жарыстың үздік командасы атағына ие болды.

Жақсылық Жасұланұлы

← Барлық жаңалықтар