Қазақстан көпвекторлы саясаттың арқасында алыс-жақын елдермен диалог құрып жатқанда, АҚШ парламентінде үлкен дау туды. «Трамптың айтқаны жалған!» АҚШ Сенатындағы Демократиялық партия өкілі Чак Шумер осылай деп жұртшылықты шулатты. Ол Ақ үй иесінің «Иранмен соғыс аяқталды» деген сөзіне сенбейді. Өйткені Трамп әскери операцияны тоқтаттық десе де, америкалық сарбаздар Таяу Шығыста қала бермек. Дегенмен АҚШ президенті тиісті хатты 60 күндік мерзімнің аяқталуына байланысты жолдаған. Заң бойынша осыдан кейін әскери операцияны жалғастыру үшін заң шығарушылардың мақұлдауы қажет. Алайда екі ел арасындағы келіссөз нәтижесін бермесе, қарулы қақтығысты қайта бастамақ. Ал Тегеран тарапы Вашингтонға жанжалды реттеу туралы жаңа ұсынысты жіберді. Алайда Трамп оған келіспей отыр.