Мазмұнға өту
· 12 қаралым

Мереке күні қанша сәби дүниеге келді?

Астана күні елімізде 448 сәби дүниеге келіпті. Оның 233-і ұл, 225-і қыз. Олардың арасынан екі егіз Елордада туған. Жалпы туу көрсеткіші бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Өңірде 67 нәресте туған. Ал Алматы қаласында 44, Шымкент қаласы мен Алматы облысында 40 бала өмірге келді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ана мен балаға перзентхана мамандары тәулік бойы медициналық көмек көрсетіп жатыр.

← Барлық жаңалықтар