Мазмұнға өту
· 6 қаралым

Шағын және орта бизнестегі өзгерістер

Шағын және орта бизнес екінің бірі айналысатын кәсіп емес. Жұмыстың көзін тапқандар ғана өз ісін ары қарай дөңгелетіп кетеді. Биыл алғашқы тоқсанның өзінде 207 мың жеке кәсіпкер жұмысын тоқтатыпты. Ал жаппай жабылудың себебін Премьер-министрдің орынбасары, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин түсіндірді. Оның сөзінше, нарықтан кетіп жатқандардың басым бөлігі жеке кәсіппен айналысуды доғарғандар мен өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған жандар екен. Осылайша салық органдарының базасы құр табыс таппайтын кәсіпорындардан бір тазарып қалған. Десе де, экономикалық сектордың жағдайы жақсы екен. Биыл 3 айдың өзінде 100 мыңнан астам жаңа салық төлеуші тіркеліпті.

← Барлық жаңалықтар