Судың да сұрауы бар. Су ресурстары және ирригация министрлігі бау-бақша мен егіннің қызатын шағында арнайы платформаны іске қосты. Чат-бот «Судың қара нарығына жол жоқ!» деп аталады. Оны қолдану үшін өңірдегі «Қазсушар» мекемелерінде тұрған QR-кодты сканерлеу қажет. Сол арқылы кез келген тұрғын су беру, бөлу кезіндегі әділетсіздік, құқықбұзушылық туралы хабарлай алады. Шағымыңызды қазақ және орыс тілінде жолдай аласыз, әрі арызданған адамның аты-жөнін құпия сақтайды. Чат-бот «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру үшін жасалған. Бұл – министрлік пен Бас прокуратураның бірлескен жобасы.