Мазмұнға өту
· 9 қаралым

Балмұздақты экспорттап жатыр

Қазақстанның балмұздағын шетелдіктер де сүйсініп жейді. Ауыл шаруашылығы министрлігі мұндай байламды өткен жылдың қорытындысына қарап жасапты. Былтыр елімізде балмұздақ өндірісі 63,2 мың тоннаға жеткен. Бұл — 2000 жылдардың басынан бергі ең жоғары көрсеткіш екен. Ал экспорт импорттан асып кеткен. Қазақстанда жасалған балмұздақты көрші елдер — Ресей, Қырғызстан мен Өзбекстан алады. Биыл да өндірістегі өсім сақталған.

← Барлық жаңалықтар