Мазмұнға өту
· 6 қаралым

Президент Түркістанға табан тіреді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін арнайы Түркістан қаласына келді. Президент мінген Airbus әуе кемесі бірнеше сағат бұрын шаһар әуежайына қонды. Ер түріктің бесігіне табан тірей салысымен, Мемлекет басшысы бірқатар лауазымды тұлғалармен кездесіп, маңызды жиын алдында пікір алмасып үлгерді. Президент қабылдаған мәртебелі меймандардың арасында БҰҰ Дүниежүзілік метеорология ұйымының президенті Абдулла әл-Мандус бар.

← Барлық жаңалықтар