Астанадағы LRT-ның іске қосылуын асыға күткендер көп. Оған қатысты түрлі пікір, әсіресе жолақы мәселесі де талқыға түсіп жатыр. Билет құнына байланысты Үкімет отырысында қала әкімінің орынбасары түсініктеме берді. Оның сөзінше, елордадағы қоғамдық көлік әлеуметтік бағытта болғандықтан, шығынын ақтамауы мүмкін. Соған қарамастан, LRT-ның жол жүру ақысы әзірге 200 теңге болып қала береді.
ЕРСІН ӨТЕБАЕВ, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Субсидияларға келетін болсақ, бұл бағытта толық зерттеуге белгілі бір уақыт қажет етеді, яғни нақты түсінік болуы үшін LRT маршруты толық іске қосылуы керек. Қазір бағасы өзгеріссіз қалды.