Мазмұнға өту
· 11 қаралым

Оңтүстікте қауын пісті

Оңтүстікте қауын пісті. Түркістан облысының диқандары дәмі тіл үйіретін жемістің алғашқы өнімін жинай бастады. Жетісай ауданындағы шаруалар биыл ерте піскен бақша дақылын нарыққа шығаруда. Жер емген жандар биыл тіршілік нәрінен тарықпадық дейді. Су молынан беріліп, нәтижесінде 65 тонна қауын алынған. Жалпы, жыл басынан бері аймақта ауыл шаруашылығына 1 миллиард текше метрден астам су жіберіліпті. Оның 293 миллион текше метрінің игілігін Жетісай ауданындағы диқандар көрген. Қазір бақша дақылдарын суару жұмыстары жалғасып жатыр.

← Барлық жаңалықтар