Мазмұнға өту
· 12 қаралым

Нан бағасы өзгермейді

Әлеуметтік нанның құны 150 теңге болып бекітілді. Бұл бағаны кәсіпкерлер 2027-ші жылға дейін өзгерте алмайды. Бірақ бұл ереже барлық өңірге қатысты емес, тек Алматыда ғана жарамды. Осылайша еліміз бойынша ас атасының ең қолжетімді бағасы оңтүстік мегаполисте болайын деп тұр. Қала әкімдігі мен «Алматынан» тоқаш комбинаты арасында нан өндіру және сату бойынша шарт жасалыпты.

Ауызекі тілде «кірпіш нан» деп аталып кеткен өнімнің зауыттан шығатын бағасы 130 теңге екен, ал сауда үстемесі 15%-дан аспауы тиіс. Сонымен қатар шаһарда әлеуметтік маңызы бар өзге де азық-түлік тауарларының құны да тұрақтандырыла бастады. Мысалы, тауық еті, жұмыртқа және қант бағасын шектеу және қалыпты деңгейде ұстап тұру үшін шаралар қабылданып жатыр.

← Барлық жаңалықтар