Мазмұнға өту
· 20 қаралым

Астанадағы екінші әуежай қайда салынады?

Астанадағы екінші әуежай қайда салынады? Осы сұраққа жауап берген Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевтың сөзінше, әзірге жаңа нысан бой көтереді-ау деген екі локация бар. Соның ішінде Балқарағай маңы негізгі орын ретінде қарастырылып отыр екен. Ал қанша қаражат жұмсалатыны әлі белгісіз. Түбегейлі шешім техникалық-экономикалық негіздемеден кейін белгілі болады. Жаңа әуежайдың ауқымы қашанда үлкен болады деген министр, ол жерге қомақты инвестициялар қажеттігін жеткізді. Қазіргі уақытта серіктес таңдау жұмыстары жүріп жатыр екен. Ірі әуежайларды сала алатын технологиялық та, инвестициялық та серіктес қажет.

← Барлық жаңалықтар