Мазмұнға өту
· 13 қаралым

Бюллетеньді фото-видеоға түсіруге тыйым салынады

Бұдан былай саяси науқандарда «Мен өз таңдауымды жасадым» деп бюллетеньге қол қойып тұрған, қасқайып жәшікке дауыс парағын тастаған суреттер әлеуметтік желіде сап тыйылады. Себебі электоратқа бюллетеньдерді фото-видеоға түсіруге тыйым салынады. Парламент сайлау жүйесін жетілдіруге бағытталған заңды екінші оқылымда қабылдады. Құжат өткен сайлауларда жіберілген олқылықтарды ескере отырып дайындалған екен. Заңға сәйкес, енді бір адам бір уақытта мәслихат депутаттығына әрі әкімдікке кандидат бола алмайды. Сондай-ақ, бірден бірнеше сайлау округі бойынша әкімдікке үміткер ретінде тіркелуге тыйым салынады. Кандидаттар үгіт-насихат материалдарын өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында және онлайн платформаларда жариялай алады. Бірақ оларға және саяси партияларға сайлау қорларынан тыс қаржы тартуға қатаң тыйым салынады.

← Барлық жаңалықтар