Мазмұнға өту
· 131 қаралым

Қазақ мұнайы Еуропада өңделеді

Қазақтың қара алтыны қарт құрлықта. Еліміздің мұнай державасы ретінде халықаралық нарықта орнығуы үшін Еуропаға қол салу стратегиялық міндеттердің бірі. Бұл алдағы бірнеше жылда жүзеге асуы мүмкін. Ақжолтай ақпаратпен Констанца қаласында өткен Қазмұнайгазға қарасты Петромидия мұнай өңдеу зауытының 40 жылдық мерейтойында Ұлттық Компания өкілдері бөлісті. Аталған кәсіпорынның шикізат өңдеу қуаты алдағы уақытта 10 млн тоннаға дейін ұлғаюы мүмкін.

← Барлық жаңалықтар