Мазмұнға өту
· 13 қаралым

Жылына 250 комбайн, 350 трактор шығаратын зауыт

Алдағы уақытта импортқа тәуелділігіміз азайып, ішкі нарықты толықтай отандық өніммен қамтамасыз етуіміз бек мүмкін. Мәселен, Көкшетаудағы агроинновациялық корпорациясы ауыл шаруашылығына арналған техникаларды шығарумен айналысады. Жылына кемі 250 комбайн, 350 тракторға дейін құрастырады екен. Бірақ зауыттың қауқары бұдан да көпке жетеді, дейді басшысы. Тек осының өзі елдегі сұранысты толық жапқандықтан, артық шығармаймыз деп отыр.

ОЛЕГ БАЛЫБИН, «КАИК» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:

Бүгінде біз ресейлік компаниялармен бірлесіп, кешенді түрде жұмыс атқарып келеміз. Мәселен, көрші ел нарығының 90 пайызын бір өзі жабатын «Ростсельмаш» зауыты біздің қанша жылдан бері келе жатқан тұрақты серіктесіміз. Бұдан бөлек, Беларусь, Қытай елімен де ортақ жобаларымыз бар. Бізге қазір ішкі нарықты толықтай қамтамасыз ету маңызды. Бірақ алдағы уақытта өнімдерімізді экспортқа шығаруымыз да бек мүмкін.

Бұл зауыт 10 жылдан бері 400-ден астам тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп келеді. Жастар тарапынан да жылдан-жылға сұраныс артып жатыр, дейді. Оқуын бітіріп, осы жерге екі қолына бір күрек іздеп келетіндер көп екен.

ҚАЙРАТ ДҮЙСЕМБЕКОВ, ӨНДІРІС БАСШЫСЫ:

Сұраныс жылдан-жылға артып келеді. Әсіресе оқып жатып, бізге практикаға келіп үйренейінші деп құлшынып келетіндер көп. Техникамыздың сапасы да жоғары. Біз жылда мамандарды өзге елге тәжірибе жинақтауға жібереміз. Ресей, Қытай, Германия елімен тұрақты байланыстамыз.

← Барлық жаңалықтар