Алматы облысында ақша жасаумен айналысқан азамат қолға түсті. Күдікті өзінің пәтерін жалған ақша шығаратын шеберханаға айналдырыпты. Ол тек 5 және он мың теңгеліктерді әзірлеп, облыс аумағындағы сауда орындарына өткізіп отырған. Ал Алматы қаласында тек алты айдың ішінде ғана 4 миллион 700 мың теңге көлемінде жалған ақша тәркілеген.