Бүгін Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы өтеді. Жиынға одаққа мүше мемлекеттердің басшылары қатысады. Іс-шарада интеграцияны дамыту, цифрлық экономика аясын кеңейту және өнеркәсіп пен жасанды интеллектіні сауда саласында қолдану мәселелері жан-жақты талқыланбақ.