Мазмұнға өту
· 22 қаралым

Газ бен суға арналған құбырды 15 минутта дайындауға болады

Қазақстан мен Ресей бірлескен өндірістік жобаларды дамытуды жалғастыруда. Соның бірі – Саран қаласындағы болат құбыр шығаратын зауыт. Мұнда мұнай-газ саласына, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына және құрылыс секторларына арналған өнімдер өндіріледі. Бұған дейін мұндай құбырлар шетелден тасымалданатын. Дәл осылай 15 минутта газ бен суға арналған құбыр дайын болады. Зауыт іске қосылғалы, яғни қаңтар айынан бері 10 мың тонна өнім өндірілген. Жаз айларында бұл көрсеткішті 3 есеге дейін арттыру көзделіп отыр.

ВЛАДИМИР ЧЕКОМАСОВ, «ТЭМПО-КАЗАХСТАН» ЗАУЫТЫНЫҢ ӨНДІРІС ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОРЫ:

Мұнда «Газпром» сертификатына сай құбыр шығаруға мүмкіндік беретін арнайы жабдық орнатылған. Яғни дәнекерленген жерді қайта қыздыруға және қалыпты жұмыс істеуге қолданылады. Бұл құбырлардың беріктігін сақтайды. Осы арқылы қосылған жердің жарылу қаупін барынша азайтуға болады.

Жаңа зауытта төрт жүзге жуық адам жұмыс істейді. Басым көпшілігі – жас мамандар. Қазір ресейлік серіктестер Саран қаласында тағы бір өндіріс орнын іске қосуға дайындалып жатыр.

АЛЕКСАНДР БЕЛОУСОВ, «ТЭМПО-КАЗАХСТАН» ЗАУЫТЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ:

Бұл – пенополиуретанды оқшаулау зауыты болады. Мұндай технология құбырлардың жылу сақтау жүйесін күшейтеді. Сондай-ақ энергияны үнемдеуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, мұнда өндірілген құбырлар Астана, Алматы, Шымкент және Талдықорған қалаларына жеткізілуде. Әзірге кәсіпорын ішкі нарыққа жұмыс істеп отыр.

← Барлық жаңалықтар